Илкай Гүндоған (нем. İlkay Gündoğan; 24 қазан 1990[1], Гельзенкирхен, Германия) — германиялық футболшы, тегі түрік. «Манчестер Сити» клубы мен Германия құрамасының жартылай қорғаушысы.
Quick Facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Close
Карьерасын 2008 жылы Германияның аймақтық лигаларында ойнайтын "Бохумның" жастар клубында бастады. 2009 жылы ақпан айында екінші Бундеслигада ойнайтын "Ньюрнбергке" ауысты.
2011-16 жылдар арасында "Боруссия" (Дортмунд) клубында доп тепті.
2012/13 жылғы маусымда "Боруссия" УЕФА Чемпиондар лигасының финалына шықты, "Бавариямен" ойында Илкай бір гол соқты, бірақ "Боруссия" 1:2 есебімен ұтылып қалды.
2013/14 жылғы маусымда жарақатының кесірінен онша ойнай алмады. 2015 жылы жазда клубпен келісім шартын 2017 жылға дейін созды.
2016 жылы жаздың басында "Манчестер Ситиге" ауысты.
2011 жылы 11 қазанда ЕУРО-2012 іріктеу матчы Бельгиямен ойында тұңғыш рет Германия құрамасы сапында алаңға шықты.
2012 жылғы Еуропа чемпионатына қатысып, күміс жүлдегер атанды.
Жарақаттарының кесірінен 2014 жылғы әлем чемпионаты мен 2016 жылғы Еуропа біріншілігіне бара алмады.
2018 жылғы әлем чемпионатына қатысты.
2024 жылғы Еуро Илкай үшін сәтті басталды. 2-ші тур кездесуі аясында Мажарастан құрама командасына қарсы нәтижелі пас беріп, гол соғып, ойынның үздік ойыншысы атанды.[2]
- «Боруссия Дортмунд»
- Германия чемпионы: 2011/12
- Германия кубогының иегері: 2011/12
- Германия суперкубогының иегері: 2013
- «Манчестер Сити»
- Германия